2022 жылғы 08-09 желтоқсанда қауымдастырылған профессор Қ.А. Естемесованың төрағалығымен Халықаралық сыртқы сараптама комиссиясы «Қазақстан-Ресей жоғары медициналық колледжі» Мемлекеттік емес білім беру мекемесінде болды.
Институционалдық аккредиттеу жүргізілді. Комиссия құрамында: шетелдік академиялық сарапшы САЛИХОДЖАЕВА РИХСИ КАМИЛОВНА – м.ғ.к., доцент, медицина қызметкерлерінің кәсіптік біліктілігін дамыту орталығының «Жоғары білімі бар медбикелер» кафедрасының меңгерушісі, Өзбекстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мейірбике ісі бойынша бас маманы; САРЫБЕКОВА ЖӘМИЛА НҰРҒАЛИҚЫЗЫ-жоғары санатты оқытушы, «Жамбыл жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК директоры, Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы; ШУКУРГАЛИЕВА ЗАГИРА АЛИПБАЕВНА – «Қалалық кардиологиялық орталық» ШЖҚ МКК мейірбике ісі бойынша бас дәрігерінің орынбасары, Алматы қ.; БОТАНОВА АЙДАНА НУРАЕВНА – «Аяжан» колледжі білім беру мекемесінің «Емдеу ісі» мамандығы бойынша 3 курс студенті.