2021 жылғы 19-20 қазанда АЕО сыртқы сараптау комиссиясы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК-не барып, Дүниежүзілік Медициналық Білім беру Федерациясының сапаны қамтамасыз етудің халықаралық стандарттары негізінде әзірленген Білім беруді, денсаулық сақтауды сапамен қамсыздандыру және аккредиттеудің Еуразиялық орталығының аккредиттеу стандарттарына сәйкестігіне институционалдық бағалау жүргізді.
Сарапшылар тобына, «Семей медицина университеті» КЕАҚ Павлодар филиалындағы қосымша білім беру бойынша медицина мектебінің деканының орынбасары, тәуелсіз аккредиттелген сарапшы, «Павлодар облысының тәуелсіз сарапшылары» қауымдастығының мүшесі, м.ғ.к. Джакова Г.Е., И. К. Ахунбаев атындағы Қырғыз мемлекеттік медицина академиясының, профессоры Э.С. Матыев атындағы дәрілік заттар технологиясы, фармация басқармасы және экономикасы кафедрасының оқытушысы, хим.ғ.к. Урмамбетова Ж.С. және профессор, «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КЕАҚ фармацевтикалық технология кафедрасының меңгерушісі, фарм.ғ.д. Устенова Г.О. кірді. Комиссия құрамына жұмыс берушілер мен білім алушылардың өкілі кірді.