Қарағанды медицина университетінің, Астана медицина университетінің, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының, Қазақстан-Ресей медицина университетінің, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, Нейрохирургия ғылыми орталығының өкілдері Комиссия жұмысына қатысты.
Шетелдік сарапшылар ретінде:
ИВАНА ОБОРНА (IVANA OBORNÁ), медицина ғылымдарының докторы, профессор, Дүниежүзілік Медициналық Білім Беру Федерациясының аккредиттеу органдарын тану бойынша Асессоры (https://wfme.org/about-wfme/people/ivana-oborna/), Чехия Жоғары білім беруді аккредиттеу Ұлттық бюросының сарапшысы, Чехия-Америка үкіметтік ұйымының Фулбрайт комиссиясы төрағасының орынбасары, Палацкий университетінің (Palacky University) Халықаралық қатынастар бойынша проректоры, Оломоуц қаласындағы факультеттік клиниканың акушер-гинекологы (Olomouc).
ЗИНЧЕНКО РЕНА АБУЛЬФАЗОВНА, медицина ғылымдарының докторы, профессор, « Академик Н.П. Бочков атындағы Медициналық-генетикалық ғылыми орталық» ФМБҒМ директорының ғылыми-клиникалық жұмысы бойынша орынбасары, генетикалық эпидемиология зертханасының меңгерушісі, «МГҒО» ФМБҒМ базасында «генетика» (медициналық және биологиялық ғылымдар) мамандығы бойынша кандидаттық және докторлық диссертацияларды қорғау бойынша Д 001.016.01 диссертациялық кеңестің ғалым хатшысы.