Білім беруді, денсаулық сақтауды сапамен қамсыздандыру және аккредиттеудің Еуразиялық орталығы

2020 жылдың шілдесінде Білім беруді, денсаулық сақтауды сапамен қамсыздандыру және аккредиттеудің Еуразиялық орталығы денсаулық сақтаудағы қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын екі ұйымның қосымша білім беру (үздіксіз кәсіби даму) медициналық ұйымдарын институционалды аккредиттеу Стандарттарына сәйкестігіне сыртқы сараптамалық бағалау жүргізді.

Сыртқы сараптамалық бағалау білім беру ұйымдары мен білім беру бағдарламаларын сыртқы бағалау бойынша Уақытша жетекшіліктің ережелеріне сәйкес жүргізілді. (2020 ж.)

Нұр-Сұлтан қ. «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ аккредиттеу бойынша ССК 24.06–17.07.2020 жылдар аралығында бағалау жүргізді және келесі сарапшыларды қамтыды: төрағасы – С.А. Есенкулова, м.ғ.д., «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КЕАҚ онкология кафедрасының доценті, Қазақстан Республикасы онкологтар қауымдастығының мүшесі; шетелдік сарапшы – С.А. Рыжкин, м.ғ.д., Қазан мемлекеттік медицина академиясының қосымша кәсіби білім беру басқармасының бастығы, Татарстан Республикасы Ғылым Академиясының Медициналық және биологиялық ғылымдар бөлімшесінің ғылыми хатшысы, Білім және ғылым саласындағы қадағалау федералды қызметінің аккредиттелген сарапшысы (Рособрнадзор); академиялық сарапшы – А.Г. Шамсутдинова, PhD, Қоғамдық денсаулық сақтау бойынша жоғары санатты дәрігер, Алматы қ. «Орталық клиникалық аурухана» АҚ инновациялар және білім беру орталығының басшысы, «Биоэтика және медициналық құқық қауымдастығы» ҚБ Президенті, Дүниежүзілік медициналық құқық қауымдастығының, Еуропалық педиатрия және жасөспірімдер гинекологиясы қауымдастығының мүшесі; жұмыс берушілердің өкілі – А.А. Жукубаева, «Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық» ЖШС білім департаментінің басшысы; сарапшы–оқытушы – А.И. Құлмағамбетов, Қазақстан – Ресей медицина университетінің интерні.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ МКК «Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» Оқу-симуляциялық орталығын аккредиттеу бойынша ССК 03.07-27.07.2020 ж. аралығында бағалау жүргізді және келесі сарапшыларды қамтыды: төрағасы – Г.А. Ибраева, м.ғ.к., доцент, ҚР ДСМ РОӘК ОӘБ үздіксіз медициналық білім беру Комитетінің НҚА және қосымша кәсіптік білім беру саласындағы заңнамалық құжаттарды әзірлеу бойынша жұмыс тобының мүшесі; шетелдік сарапшы – С.А. Рыжкин, м.ғ.д., Қазан мемлекеттік медицина академиясының қосымша кәсіби білім беру басқармасының бастығы, Татарстан Республикасы Ғылым Академиясының Медициналық және биологиялық ғылымдар бөлімшесінің ғылыми хатшысы, Білім және ғылым саласындағы қадағалау федералды қызметінің аккредиттелген сарапшысы (Рособрнадзор); академиялық сарапшы – Г.Е. Джакова, м.ғ.к., Семей медицина университеті Павлодар филиалының қосымша медициналық білім беру факультетінің деканы, тәуелсіз аккредиттелген сарапшы, «Павлодар облысының тәуелсіз сарапшылары» қауымдастығының мүшесі; жұмыс берушілердің өкілі – А.Н. Смаилова, м.ғ.к., «University Medical Center» корпоративтік қорының Стратегия және бизнесті дамыту департаментінің бас менеджері.

Template Settings

Color

For each color, the params below will give default values
Blue Red Cyan Green Orange

Body

Background Color
Text Color

Background

Patterns for Layour Style: Boxed
Layout Style
Select menu
Авторизация (kz)