СЫРТҚЫ САРАПТАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ РЕСЕЙ–ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ ЖШС САПАРЫ

2019 жылдың 30-31 шілдесінде АЕО сыртқы сараптау комиссиясы (ССК) институционалдық аккредиттеу шеңберінде сырттай бағалау жүргізу үшін медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру, қайта даярлау, мастер-кластар жүргізетін Ресей–Қазақстан Медициналық Институты ЖШС сапары болды. ССК құрамында: Комиссия төрағасы – м. ғ. д., профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, "Ұлттық Медицина Университеті" АҚ Ғылым және инновация департаментінің басшысы – Балмуханова Айгуль Владимировна; Шетел сарапшысы ретінде И.К. Ахунбаев атындағы Қырғыз мемлекеттік медицина академиясының базистік және клиникалық фармакология кафедрасының меңгерушісі, профессор, м.ғ.д. – Тилекеева У.М.; Ұлттық академиялық сарапшы – м. ғ. к., доцент, "Қарағанды медицина университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының клиникалық фармакология және дәлелді медицина кафедрасының меңгерушісі – Калиева Шолпан Сабатаевна; Ұлттық академиялық сарапшы "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығы" АҚ оқу жұмысы және әдістемелік қамтамасыз ету Департаментінің әдістемелік бөлімінің бастығы, MSc, PhD – Килыбаев Талгат Берикказиевич; Сарапшы-практикалық денсаулық сақтау өкілі – Қоғамдық денсаулық сақтау бойынша PhD, Алматы қ. ДСБ Қалалық ревматологиялық орталығының пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметінің басшысы – Бримжанова Маржан Дихановна; Жұмыс берушілер өкілі – сарапшы – «Халықаралық жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институты» ЖШС Стратегиялық даму, сапа менеджменті жүйесі, кадрлар және функционалды қамтамасыз ету бөлімінің бастығы – Тертюбаева Жазира Орумбековна; АЕО-нан бақылаушы–АЕО-ныңаккредиттеу және мониторинг бөлімінің басшысы Умарова Макпал Альдибековна.

Template Settings

Color

For each color, the params below will give default values
Blue Red Cyan Green Orange

Body

Background Color
Text Color

Background

Patterns for Layour Style: Boxed
Layout Style
Select menu
Авторизация (kz)