2019 жылдың 6-7 мамырында Білім беруді, денсаулық сақтауды сапамен қамсыздандыру және аккредиттеудің Еуразиялық орталығының (АЕО) сыртқы сараптау комиссиясы (ССК) институционалдық аккредиттеу шеңберінде «Парасат» «Қазақстандық медициналық біліктілікті арттыру институты» оқу-ғылыми-өндірістік кешені мекемесіне сапары болды. ССК құрамында: Комиссия төрағасы – АҚ «Ұлттық медициналық университеті», № 3 балалар аурулары кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к. Рамазанова Шолпан Хамзаевна болды.
Қосымша білім беру саласындағы академиялық сарапшы – "PROFESSIONAL" үздіксіз білім беру институтының эпидемиология, гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру кафедрасының меңгерушісі, доцент, м.ғ.к., Асенова Ляззат Хасеновна, академиялық сарапшы – Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті кафедрасының басшысы, профессор, м.ғ.д., Жумалина Акмарал Канашевна, сарапшы-жұмыс беруші – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Бас әскери клиникалық госпиталінің бас медбикесі Ашимова Сауле Агибаевна, сарапшы-тыңдаушы – Нұр-Сұлтан қаласындағы № 2 қалалық көп салалы ауруханасының қабылдау бөлімінің терапевт - дәрігері – Рахымжанова Айжан Байдалыкызы, АЕО-нан бақылаушы – АЕО Бас директоры, м .ғ.д., МВА, Сарсенбаева Сауле Сергазиевна.