2019 жылдың 3-4 мамырында АЕО сыртқы сараптау комиссиясы (ССК) институционалдық аккредиттеу шеңберінде сырттай бағалау жүргізу үшін «Қазақстан Республикасының Президентінің Ісінің Басқару Медициналық Орталығының Ауруханасы» Республикалық Мемлекеттік Кәсіпорнына сапары болды.
ССК құрамында: Комиссия төрағасы – «Астана Медицина Университеті» АҚ Балалар аурулары кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., Моренко Марина Алексеевна, Шетел сарапшысы – Мхитар Гераци атындағы Ереван мемлекеттік медицина университетінің дипломнан кейінгі және үздіксіз білім беру жөніндегі проректоры, ANQA-АЕО серіктесі ұсынған, м.ғ.к., Аветисян Гарник Араевич, академиялық сарапшылар – "PROFESSIONAL" үздіксіз білім беру институтының эпидемиология, гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру кафедрасының меңгерушісі, доцент, м.ғ.к., Асенова Ляззат Хасеновна, сарапшы-жұмыс беруші – «Primary Health Care» Ұлттық Қауымдастығының Басқарма Төрағасы, профессор, м.ғ.д., Абзалова Роза Абзаловна, сарапшы-тыңдаушы–Назарбаев Университетінің University Medical Center корпоративтік Қорының ғылым және білім департаментінің бас менеджері, Кульмирзаева Дарияна Муратовна, АЕО-нан бақылаушы – АЕО Бас директоры, м .ғ.д., МВА, Сарсенбаева Сауле Сергазиевна.