2019 жылдың 29-30 сәуірінде АЕО сыртқы сарапшылық комиссиясы (ССК) институционалдық аккредиттеу шеңберінде сырттай бағалау жүргізу үшін қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын YES халықаралық білім беру орталығына (біліктілікті арттыру, қысқа мерзімді оқыту, мастер-кластар, халықаралық оқыту семинарлары) сапарда болды.
ССК төрағасы Ресей Федерациясының еңбек сіңірген дәрігері, Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігінің «Стоматология және жақ-бет хирургиясының ғылыми-зерттеу орталық институты" ФМБМ стоматологиялық қызметті ұйымдастыру, лицензиялау және аккредиттеу бөлімінің меңгерушісі, Мәскеу қ., Ресей Федерациясы м.ғ.д., профессор – Вагнер Владимир Давыдович; академиялық сарапшы – «С. Ж. Асфендияров атындағы Ұлттық медицина университеті» КАҚ «Қоғамдық денсаулық сақтау» мектебінің «Интеграцияланған экономика жүйелері және денсаулық сақтау менеджменті» кафедрасының доценті, э.ғ.к. – Хаджиева Айман Бериккалиевна; сарапшы-жұмыс беруші – B&S_Dentistry стоматологиялық клиникасының басшысы және директоры –Спанкулова Самал Манарбековна; АЕО-ның бақылаушысы – аккредиттеу және мониторинг бөлімінің басшысы Умарова Макпал Альдибековна.