2019 жылдың 16-17 қаңтар күндері институционалды және бағдарламалық аккредиттеу аясында АЕО сыртқы сарапшылық комиссиясының (ССК) қосымша білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын (қайта дайындау, біліктілікті жоғарылату, қысқа мерзімді оқыту, шебер-кластар, халықаралық оқыту семинарлары) дипломнан кейінгі білім берудің халықаралық институтына сапары болды.
ССК төрайымы "Ұлттық медицина университеті" АҚ акушерия және гинекология кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д. С.Ш.Исенова болып табылды. Сыртқы сарапшылық комиссиясының құрамында шетелдік сарапшы София медицина университетінің профессоры, медицина докторы, әлеуметтанудың докторы, ADEE (The Association for Dental Education in Europe) мүшесі Лидия Георгиевна Катрова болды.