JAMK қолданбалы ғылымдар университеті

2018 жылдың 31 мамырында Алматы қаласында Білім беруді, денсаулық сақтауды сапамен қамсыздандыру және аккредиттеудің Еуразиялық орталығы (АЕО), Қазақстан Республикасы және JAMK қолданбалы ғылымдар университеті, Финляндия арасында Өзара түсінушілік туралы Меморандумға қол қою рәсімі өтті.

Меморандумға қол қоюдың мақсаты Қазақстан Республикасындағы мейірбикелік білім беруді сапамен қамтамасыз етудің жолдарын жетілдіру болып табылады.

JAMK қолданбалы ғылымдар университеті (http://www.jamk.fi) төрт оқу бөлімдерін қамтиды: Бизнес мектебі, Денсаулық сақтау және әлеуметтік ғылымдар мектебі, Технология мектебі және Педагогикалық мектеп. 2013 жылы JAMK Еуропадағы ең халықаралық университеттердің бірі ретінде Erasmus жетістіктері үшін Марапатталған. 2013 жылы Жоғары білім беру бойынша Финляндия кеңесі (FINEEC) JAMK сапа белгісін 2019 жылға дейін ұзартты.

JAMK қолданбалы ғылымдар университеті 2016 жылдан бастап «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриаттың бағдарламаларын енгізу мен мейірбикелік білім беру жүйесін жаңғырту бойынша Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігімен серіктес болып табылады. http://www.mz.gov.kz/ru/pages/informaciya-ob-otkrytii-2-diplomnoy-magistratury

Template Settings

Color

For each color, the params below will give default values
Blue Red Cyan Green Orange

Body

Background Color
Text Color

Background

Patterns for Layour Style: Boxed
Layout Style
Select menu
Авторизация (kz)