Білім беруді, денсаулық сақтауды сапамен қамсыздандыру және аккредиттеудің Еуразиялық орталығының бас директоры С.С.Сарсенбаеваның Үндістанның медициналық кеңесінің президенті Мета Джейшрибенмен кездесуі
2018 жылдың 26 наурызында Үндістандағы Қазақстан Республикасының елшілігінде Білім беруді, денсаулық сақтауды сапамен қамсыздандыру және аккредиттеудің Еуразиялық орталығының (ББДССҚжАЕО) бас директоры С.С.Сарсенбаеваның Үндістанның медициналық кеңесінің (ҮМК) президенті, доктор Мета Джейшрибенмен кездесуі өтті. Қазақстан Республикасындағы білім алып жатқан Үндістаннан келген студенттерді даярлауда сапамен қамтамасыз ету бойынша ынтымақтастық аясы талқыланды. ББДССҚжАЕО мен ҮМК арасында өзара түсінісу туралы Меморандумға қол қою белгіленді.
Үндістанның медициналық кеңесі 1933 жылы Үндістан медициналық кеңесінің заңына сәйкес 1934 жылы құрылған және Үндістандағы медициналық білім берудің бірыңғай стандарттарын қадағалаушы болып табылады. Кеңес Үндістандағы және шетелдегі медициналық біліктілікті мойындау қызметін атқарады және медициналық колледждерді аккредиттейді, Үндістандағы медициналық тәжірибелердің сапасын бақылайды. https://www.mciindia.org/CMS/about-mci/introduction