АЕО сыртқы сараптама комиссиясы 2026 жылғы 22–23 қазанда Алматы қаласында «AMD КЛИНИКАСЫ» ЖШС-ға сапармен келді.

АЕО сыртқы сараптама комиссиясы 2026 жылғы 22–23 қазанда Алматы қаласында «AMD КЛИНИКАСЫ» ЖШС-ға сапармен келді. Сапар ұйымның бейресми білім беру ұйымдарын (үздіксіз кәсіби даму) институционалдық аккредиттеу стандарттарына сәйкестігін бағалау аясында өтті.

Халықаралық сараптама комиссиясына «Семей медицина университеті» КеАҚ жұқпалы аурулар, дерматовенерология және иммунология кафедрасының профессоры, м.ғ.к. А.К. Ахметова төрағалық етті. Комиссия құрамына шетелдік сарапшы Юрий Саратила, MD, MPH, DrPH Candidate кірді. Ол Молдова Республикасындағы Николае Тестемицану атындағы Мемлекеттік медицина және фармация университеті жанындағы Медицинадағы симуляциялық оқытудың университеттік орталығының (CUSIM) білім беру бағдарламаларын жоспарлау және бағалау жөніндегі директорының орынбасары.

Сондай-ақ ол Молдовадағы ATLS бағдарламасының директоры (ACS COT), Молдовадағы PHTLS бағдарламасының медициналық директоры (NAEMT) және Молдовадағы BLS курсының директоры. Комиссия құрамына сонымен қатар Қазақстанның медициналық білім беру ұйымынан академиялық сарапшы, жұмыс беруші сарапшы және ҮКД бағдарламаларының тыңдаушысы кірді. «AMD КЛИНИКАСЫ» ЖШС бейресми білім беру бағдарламалары бойынша тыңдаушыларды даярлайды. Ұйымның дамыған клиникалық базасы бар, оның құрамында: «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін ЭКҰ орталығы; оперативті гинекология және урология бөлімшелері; диагностикалық бөлімше; стоматологиялық емхана; амбулаториялық қызмет.

Авторландыру
Главное меню
Вход
Авторландыру