Қазақстан Республикасының Білім беруді және денсаулық сақтауды сапамен қамтамасыз ету және Аккредиттеудің Еуразиялық Орталығының (АЕО) Сыртқы сарапшылық комиссиясы

Сыртқы сарапшылық комиссиясы (ССК) Білім беруді және денсаулық сақтауды сапамен қамтамасыз ету және Аккредиттеудің Еуразиялық Орталығымен (ары қарай - АЕО) – медициналқ білім беру ұйымына сапары кезінде АЕО қолданыстағы стандарттарына сәйкестігіне институционалды және мамандандырылған аккредиттеуді өткізу үшін құрылады.


ССК-ның міндеттері:

  1. Медициналық білім беру ұйымының немесе білім беру бағдарламаларының өзіндік бағалау нәтижелерінің дұрыстығын және толық қамтылғандығын бағалау;
  2. Медициналық білім беру ұйымының немесе білім беру бағдарламаларының АЕО қолданыстағы стандарттарына сәйкестігіне сыртқы сарапшылық бағалау қорытындылары бойынша есебін жасау;
  3. Медициналық білім беру ұйымының қызметтерін немесе білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруды жақсарту бойынша ұсыныстарды өңдеу;
  4. Институционалды немесе мамандандырылған аккредиттеу стандарттарына сәйкес Сыртқы бағалау туралы есебін және ұсыныстарды АЕО Аккредиттеу кеңесіне ұсыну.

Сыртқы сарапшылық комиссиясының (ССК) құрамын қалыптастыру тәртібі:

  1. ССК аккредиттеуден өтетін әрбір медициналық білім беру ұйымына немесе білім беру бағдарламаларына құрылады.
  2. ССК құрамы ССК туралы Нұсқаулыққа сәйкес қалыптастырылады және төрағаны, медицина және фармацевтика саласындағы шетелдік сарапшыларды, жұмыс берушілерді, студенттерді, АЕО сертификатталған сарапшыларын қамтиды.
  3. ССК-ның сапалы құрамы институционалды және мамандандырылған аккредиттеудің стандартттарына және көрсеткіштеріне сәйкес білім беру бағдарламаларының кілттік аспектілерін немесе аккредиттеуден өтетін білім беру ұйымының қызметтерінің негізгі бағыттарын жан-жақты саралау мақсатында құрылады.

ССК төрағасымен және аккредиттеу органымен бірлесіп өңделген, ЖОО-мен келісілген және аккредиттеу органының Бас директорымен бекітілген Сапарлық бағдарламаның негізінде ССК медициналық білім беру ұйымына немесе білім беру бағдарламасына сыртқы бағалауды жүргізеді.

ССК сапарды аяқтағаннан кейін және медициналық білім беру ұйымына немесе білім беру бағдарламасына сыртқы бағалауды жүргізгеннен кейін негізделген шешімдермен және медициналық білім беру ұйымын немесе білім беру бағдарламаларын жақсарту бойынша ұсыныстар туралы есебін көрсетеді.

Template Settings

Color

For each color, the params below will give default values
Blue Red Cyan Green Orange

Body

Background Color
Text Color

Background

Patterns for Layour Style: Boxed
Layout Style
Select menu