Серіктестер
-
Опубликовано: 30 Март 2020
2020 жылдың наурыз айында Молдова Республикасы. Білім беру мен зерттеулердің сапасын қамтамасыз ету ұлттық агенттігі (ANACEC) және Қазақстан Республикасы, Білім беруді, денсаулық сақтауды сапасын қамсыздандыру және Аккредиттеудің Еуразиялық орталығы (АЕО/ECAQA) арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. http://www.anacip.md/index.php/en/home-en-gb/missions
Ынтымақтастық салалары болып табылады:
1. Білім беру ұйымдары мен білім беру бағдарламаларын сырттай бағалау және аккредиттеу бойынша тәжірибе алмасу;
2. Аккредиттеу бойынша сыртқы сараптау комиссияларының құрамына аккредиттеу бойынша сарапшыларды тағайындау;
3. Білім беру және аккредиттеу сапасын қамтамасыз ету бойынша бірлескен іс- шаралар өткізу;
4. Білім берудегі аккредиттеу мәселелері бойынша бірлескен Жарияланымдар дайындау;
5. Серіктес ұйымдастыратын іс- шараларға қатысу;
Молдова Республикасының Білім, мәдениет және ғылым министрлігіне тәуелді, ANACEC әкімшілік органы болып табылады.
ANACЕC миссиясы-Молдова Республикасының білім берудің бәсекеге қабілеттілігін және әлеуметтік тұрақтылығын арттыруға ықпал ететін үздік халықаралық тәжірибелер мен сапа стандарттарына бағдарланған білім беру мен зерттеулердің барлық деңгейлерінің сапасын қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру.
ANACEC мақсаты, білім беру мекемелері мен білім беру бағдарламаларын сыртқы бағалау мен аккредиттеудің интеграцияланған, сенімді, объективті және ашық жүйесін, зерттеулер мен инновациялар саласындағы ұйымдарды сыртқы бағалауды, ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды бағалауды, Молдова Республикасының кәсіптік және үздіксіз білім беруді қоса алғанда, білім берудің барлық деңгейлерінің сапасын бақылауды қамтамасыз ету болып табылады.