Аккредиттеу және бағалау бойынша Ұлттық кеңестің /NAAC (Үндістан)

2018 жылдың 24 наурызында Нагпур қаласында (Үндістан) Жоғары білім беруді сапамен қамтамасыз етудің Азиялық-Тынықмұхиттық желісінің (APQN) жылсайынғы «Capacity Building for Next-Generation Quality Assurance in Higher Education/Жоғары білім беруді сапамен қамтамасыз ету бойынша ұйымдардың жаңа ұрпағын жетілдіру мүмкіндіктері» атты конференциясы өту барысында Білім беруді, денсаулық сақтауды сапамен қамсыздандыру және аккредиттеудің Еуразиялық орталығы Аккредиттеу және бағалау бойынша Ұлттық кеңестің (Үндістан) арасындағы өзара түсінісу туралы Меморандумына қол қойды. ББДССҚжАЕО жақтан бас директор С.С.Сарсенбаева, NAAC жағынан Аккредиттеу және бағалау бойынша Ұлттық кеңестің кеңесшісі Jagannath Patil қол қойды.

Меморандумға қол қоюдың мақсаты қазіргі таңда 1000-нан астан студент-медиктер білім алатын Қазақстан Республикасы мен Үндістандағы жоғары білім беруді сапамен қамтамасыз ету жолдарын жетілдіру болып табылады.

Аккредиттеу және бағалау бойынша Ұлттық кеңесі (NAAC) Үндістан гранттары (UGC) бойынша елдегі жоғары оқу орындарын аккредиттеу және бағалауды өткізу үшін Университеттердің Комиссиясымен мекемелендірілген автономды орган болып табылады. http://www.naac.gov.in/collaborations.asp

Template Settings

Color

For each color, the params below will give default values
Blue Red Cyan Green Orange

Body

Background Color
Text Color

Background

Patterns for Layour Style: Boxed
Layout Style
Select menu
Авторизация (kz)