Andrey
17 – 20.08.2021 ж. АЕО сыртқы сараптау комиссиясының «Астана медицина университеті» КЕАҚ сапары болды
17 – 18.08.21 ж. онлайн және 20.08.21 ж. офлайн режимінде «Астана медицина университеті» КЕАҚ-на АЕО Сыртқы халықаралық сараптау комиссиясы барып, Дүниежүзілік Медициналық Білім беру Федерациясының базалық және дипломнан кейінгі білім беру сапасын қамтамасыз етудің Халықаралық...
2021 жылғы 07-08 шілдеде АЕО сыртқы сараптау комиссиясы «АРУ ДӘРІГЕР дипломнан кейінгі медициналық білім берудің ұлттық орталығы» ЖШС-не барып, Дүниежүзілік Медициналық Білім беру Федерациясының сапаны қамтамасыз етудің халықаралық стандарттары негізінде әзірленген Білім беруді
2021 жылдың 30 маусымында жоғары білімді сапамен қамтамасыз етудің Азиялық-Тынықмұхиттық желісінің хабаршысында (APQNews), 23-шығарылым, 2021 жылдың 18 мамырында өткен “Жоғары білім беруді сапамен қамсыздандырудағы білімгерлердің үлесі” вебинары туралы мақала жарияланды. Естеріңізге сала кетсек, вебинар білім беруді, денсаулық сақтауды сапамен қамсыздандыру және аккредиттеудің Еуразиялық орталығының бастамасы бойынша және Жоғары білімді сапамен қамтамасыз етудің Азиялық-Тынықмұхиттық желісі және Медицина Жастарының Халықаралық Федерациясының (IFMSA) мүшесі Қазақстан Медицина Жастары Ассоциациясының (KazMSA) қолдауымен ұйымдастырылған.
Вебинар Қазақстанның жоғары оқу орындары мен колледждерін аккредиттеу мен ішкі сапамен қамсыздандыру процестеріндегі студенттердің рөлі мен ықпалын нығайту мәселелерін оқытуға бағытталған АЕО-ның іс-шараларының бірі болды.
Іс-шарада АЕО-ның студенттерді білім берудің ішкі және сыртқы сапамен қамсыздандыру үрдістеріне тарту тәжірибесі ұсынылды.
APQNews - APQN мүшелерінің сапамен қамсыздандыру саласындағы жаңалықтарымен және оқиғаларымен бөлісетін жарты жылдық мерзімді хабаршысы.
Сапардың мақсаты – халықаралық институционалды аккредиттеу шеңберіндегі университет қызметінің негізгі бағыттарын бағалау. Шетелдік са-рапшы ретінде, Вера Владимировна Чайковская сыртқы сараптамалық бақылауға...
2021 жылдың 26-28 мамырында Аккредиттеу Еуразиялық орталығының (ECAQA) Сыртқы сараптау комиссиясы Павлодар Денсаулық Сақтау басқармасының “Павлодар Жоғары Медициналық колледжін”...
«Білім беруді, денсаулық сақтауды сапамен қамсыздандыру және аккредиттеудің Еуразиялық орталығы» Коммерциялық емес мекемесі (АЕО КеМ) студенттерді аккредиттеу үдерісіне тарту, тіс дәрігерлеріне білім беруді дамыту және сапамен қамсыздандыру мақсатында “Қазақстандық жас тіс дәрігерлері гильдиясы” (ҚЖТГ) қоғамдық ұйымымен меморандумға қол қойды.
ҚЖТГ міндеті - тіс дәрігерлеріне білім беруді жақсартуға бағытталған әртүрлі іс-шараларды (ғылыми конференциялар, конгресстер, съездтер, көрмелер, семинарлар, олимпиадалар, симпозиумдар, мастер класстар және т.б.) жоспарлауға, ұйымдастыруға, өткізуге бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға көмек көрсету.
ҚЖТГ Қазақстан Республикасының аумағында стоматология саласындағы ғылыми зерттеулер мен жобаларды жоспарлаумен, ұйымдастырумен және өткізумен айналысады.