АЕО Бас директоры Сауле Сарсенбаева 2025 жылғы 17 қаңтарда Астана қаласында Astana IT University базасында өткен Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің «Жоғары білім саласындағы сапасын қамтамасыз ету: жағдайы және даму перспективалары» форумына қатысты.
Форумның негізгі тақырыптары мемлекеттік бақылау мәселелері, Қазақстандық жоғары оқу орындарының QS рейтингіндегі динамикасы – жетілдіру бағыттары, аккредиттеу және бақылау, жаңа тәсілдер, аккредиттеу және бақылау, «E-лицензиялау» болды.
Пленарлық отырыс Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі С.Нұрбектіңқатысуымен өтіп, онда жоғары білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз етудің қазіргі жағдайы мен даму үрдістері, сыртқы сапаны қамтамасыз етудегі халықаралық аспектілер мен тендециялары, ғылыми кадрларды даярлау тиімділігін арттыру стратегиялары, ғылыми журналдарды әзірлеудегі ғалымдар қауымдастығының рөлі, сондай-ақ деректерді жинау, өңдеу және талдау бойынша біріңғай база ретінде «Жоғары білім берудің біріңғай платформасы» ақпараттық жүйесі талқыланды.
Алынған ақпарат білім беру ұйымдарыныңинституционалдық және мамандандырылған аккредиттеу рәсімдерінде қолдануда өзекті және маңызды болып табылады.