АЕО қызметкерлері мен сарапшылары 2024 жылғы «Exploring WFME Standards for PGME» тақырыбы бойынша вебинарлар сериясына қатысуда. Бұл вебинарлар 2023 жылы әзірленген Дүниежүзілік Медициналық білім беру Федерациясының (WFME) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің сапасын жақсартудағы жаңа Стандарттарын енгізу аясында ұйымдастырылған.
Бірінші вебинар 30 сәуірде өтті. Қорытынды вебинар 2024 жылдың қыркүйегінде өтеді. Оқытуға Білім беруді, денсаулық сақтауды сапамен қамсыздандыру және Аккредиттеудің Еуразиялық Орталығының Аккредиттеу және Сараптамалық кеңесінің мүшелері тартылды. Алынған білімдер резидентура білім беру бағдарламаларының аккредитациялау стандарттарына өзгерістер енгізуіне мүмкіндік береді.