2024 жылғы 22 ақпанда Дүниежүзілік медициналық білім беру Федерациясының (ДМБФ) бастамасымен АЕО бас директоры Сауле Сарсенбаева «Трансшекаралық аккредиттеу» онлайн дөңгелек үстеліне қатысты.
Дөңгелек үстел жұмысына ДМБФ президенті профессор Ricardo León-Bórquez және әкімшілік қызметкерлер қатысты.
Бұл АЕО үшін жаңа қызмет және жоғары медициналық білімін сапамен қамсыздандыру тұрғысынан өте маңызды. Іс-шара ДМБФ-да танылған бірнеше аккредиттеу органдарын біріктірді. Сауле Сарсенбаеваға Өзбекстан Республикасының медициналық білім беру мекемелерінің білім беру бағдарламаларын аккредиттеу тәжірибесі ұсынылды. АЕО 2032 жылға дейін Қазақстан мен Өзбекстан аумағында ДМБФ-ның танылуына ие болды және осы уақытқа дейін Өзбекстанның 8 білім беру мекемесін мамандандырылған және институционалдық аккредиттеу бойынша дайындық іс-шараларын жүргізуде.
Пікірсайыс өтті, Агенттік өкілдері шет елдердің уәкілетті органдарымен қарым-қатынас орнату тәсілдері, аккредиттеу нәтижелерін жариялау, сараптау комиссияларын қалыптастыру және т.б. сұрақтар қойды. Шетелде аккредиттеу жүргізудің ерекшеліктері мен бар проблемаларды талқылау, трансшекаралық аккредиттеудегі үздік тәжірибелермен бөлісу мүмкіндігіне байланысты дөңгелек үстелге қатысу пайдалы болды.