Жоғары білім сапасын қамтамасыз ету: жағдайы және даму болашағы

Rate this item
(0 votes)

2024 жылғы 29 қаңтарда Білім беруді, денсаулық сақтауды сапамен қамсыздандыру жане Аккредиттеудің Еуразиялық Орталығы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі ұйымдастырған «Жоғары білім сапасын қамтамасыз ету: жағдайы және даму болашағы» ФОРУМЫНА қатысты.

Форум бағдарламасына «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуды ұйымдастырудың ішкі сапасын қамтамасыз ету жүйесін баптау, ғылыми кадрларды даярлауды жетілдіру, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласын мемлекеттік реттеу жүйесін жетілдіру» тақырыптары бойынша 3 секция кірді.

Күн тәртібіндегі жұмыс отырысы «Бақылау іс-шараларын өткізудегі жаңа тәсілдер» тақырыбы бойынша өтті.

Жалпы жиналысты министр Саясат Нұрбек ашты. Барлығы 20-дан астам баяндама жасалып, ЖОО-лардың ұлттық рейтингісі, жасанды интеллекттің даму кезеңіндегі білім беру сапасын ішкі қамтамасыз ету жүйелері, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді реттеу және басқа да маңызды сұрақтарға жауаптар берілді.

Форумға қатысушылардың қатарында: Бірінші басшылар мен проректорлар, университет оқытушылары, аккредиттеу органдарының өкілдері болды.

EQAR президенті Стефан Левик «Жоғары білім сапасын қамтамасыз ету – ортақ мәселелер мен тәсілдер» тақырыбын презентациялады.

Template Settings

Color

For each color, the params below will give default values
Blue Red Cyan Green Orange

Body

Background Color
Text Color

Background

Patterns for Layour Style: Boxed
Layout Style
Select menu