АЕО бас директоры Сарсенбаева С.С. «Медициналық білім беру сапасын қамтамасыз етудің қағидаттары мен тәсілдері» тақырыбында баяндама жасады.
Конференцияға Қазақстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы академиялық қоғамдастығының, Орталық Азия елдерінің білім министрліктерінің өкілдері, университеттер ректорлары, проректорлары, аккредиттеу органдарының басшылары, Қазақстан Студенттер альянсының төрағасы қатысты. Конференция Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығының бастамасымен өткізілді.
Өз баяндамасында Сарсенбаева С.С. медициналық білім беру ұйымдарын және білім беру бағдарламаларын аккредиттеу ерекшеліктерін атап өтті: Дүниежүзілік медициналық білім беру федерациясы әзірлеген барлық деңгейдегі медициналық білім сапасын арттырудың халықаралық стандарттарын қолдану және оларды ESG стандарттарымен үйлестіру; сертификатталған сарапшылар туралы; қызметі ДДҰ/ДМБФ медициналық білім беруді аккредиттеу жөніндегі нұсқаулықтарына негізделген мамандандырылған аккредиттеу кеңесін құру қажеттілігі; Медициналық білім берудің Дүниежүзілік федерациясының аккредиттеу органдарын Шетелдік медициналық түлектерге арналған білім беру комиссиясының (ECFMG) талаптарын және Орталық Азия елдерінің медициналық, фармацевтикалық және мейірбикелік біліміне қатысты басқа да мәселелер туралы айтты.