2022 жылғы 22 маусымда ENQA кеңесі Білім беруді, денсаулық сақтауды сапамен қамсыздандыру

Rate this item
(0 votes)

2022 жылғы 22 маусымда ENQA кеңесі Білім беруді, денсаулық сақтауды сапамен қамсыздандыру және аккредиттедің Еуразиялық орталығының (АЕО) ENQA-ға бес жыл мерзімге толық мүшелікке кіргені туралы шешім қабылдады.

ENQA кеңесі АЕО-ғы жоғары білім берудің Еуропалық кеңістігінде (ESG 2015) сапаны қамсыздандыру бойынша Стандарттар мен Нұсқаулыққа сәйкес келеді және осылайша ENQA аккредиттеу органдарын сыртқы бағалау рәсімдерінің қағидаларының 6-бабының 1-тармағына сәйкес мүшелік критерийлерін қанағаттандырады деген қорытындыға келді.

ENQA кеңесінің шешімі туралы ENQA Президентінің хаты https://www.enqa.eu/wp-content/uploads/Board-letter-membership-approved_ECAQA.pdf

ЕУРОПАЛЫҚ ЖОҒАРЫ БІЛІМ САПАСЫН ҚАМСЫЗДАНДЫРУ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ (The European Association for Quality Assurance in Higher Education (ENQA)) Болон декларациясы (1999) жоғары білім сапасын қамсыздандыру саласындағы Еуропалық елдердің ынтымақтастығын дамыту үшін Еуропалық жоғары білім сапасын қамсыздандыру желісі (The European Network for Quality Assurance in Higher Education-ENQA) 2000 жылы Еуропалық Кеңестің 1998 жылғы 24 қыркүйектегі ұсыныстарына сәйкес құрылды (98/561/EC September 24, 1998).

2004 жылдың қараша айында ENQA Бас Ассамблеясында Еуропалық жоғары білім сапасын қамсыздандыру желісін (ENQA) Еуропалық жоғары білім сапасын қамсыздандыру қауымдастығына (the European Association for Quality Assurance in Higher Education (ENQA)) қайта құру туралы шешім қабылданды.

Еуропалық жоғары білім беру сапасын қамсыздандыру қауымдастығы (ENQA) Болон декларациясына қол қойған елдердің жоғары білім беру сапасын қамсыздандыру агенттіктерімен ынтымақтастық үшін ашық.

ENQA қауымдастыққа мүшеліктің екі түрі бар: толық және серіктестік.

Жоғары білім беру сапасын қамсыздандыру бойынша Еуропалық жоғары білім беру сапасын қамсыздандыру қауымдастығының (the ENQA Full membership) толық құқықты мүшелері деп танылған жоғары білім беру сапасын қамсыздандыру бойынша агенттіктер жоғары білім беру сапасын қамсыздандыру бойынша Еуропалық тізілімге (the European Quality Assurance Register for Higher Education – EQAR) енгізіледі.

Жоғары білім беру сапасын қамсыздандыру бойынша агенттіктер осы қауымдастықтың 5 жылда бір рет жоғары білім берудің Еуропалық кеңістігінде сапаны қамсыздандырудың Стандарттары мен нұсқаулық қағидаттарына (жоғары білім берудің Еуропалық кеңістігінде (ESG) сапаны қамсыздандырудың Стандарттары мен нұсқаулық қағидаттары) сәйкестігіне міндетті түрде сыртқы бағалаудан өтуі тиіс.

ENQA сайтындағы ақпарат: http://www.enqa.eu/index.php/about-enqa/

Template Settings

Color

For each color, the params below will give default values
Blue Red Cyan Green Orange

Body

Background Color
Text Color

Background

Patterns for Layour Style: Boxed
Layout Style
Select menu