2022 жылғы 28 сәуірде Жоғары білім берудегі сапаны қамтамасыз ету Еуропалық қауымдастығының (ENQA) Бас Ассамблеясы өтті, оған бас директор Сәрсенбаева Сәуле қатысты. Аталған жоғары форум ENQA-ның 100-ден астам толық және үлестес мүшелерінің өкілдерін біріктірді.
АЕО 2017 жылдан бастап үлестес мүшесі болып табылады. 2021 жылы ENQA-ның толық құқылы мүшелігіне қабылдау үшін АЕО-да сыртқы халықаралық бағалауы жүргізілді.
Бас Ассамблеяның күн тәртібі веб-сайтта егжей-тегжейлі көрсетілген.
https://www.enqa.eu/events/enqa-online-general-assembly-2022/