2021 жылдың 18 мамырында Аккредиттеудің Еуразиялық орталығы «Жоғары білім беруді сапамен қамсыздандырудағы білімгерлердің үлесі» атты вебинар өткізді. Вебинар, Аккредиттеудің Еуразиялық орталығының серіктестері Жоғары білімді сапамен қамтамасыз етудің Азиялық-Тынықмұхиттық желісі (The Asia Pacific Quality Network) және Медицина Жастарының Халықаралық Федерациясының (IFMSA) мүшесі Қазақстан Медицина Жастары Ассоциациясының (KazMSA) қолдауымен ұйымдастырылды.
APQN Президенті, профессор Dr. Джианксинг Джанг (Jianxing Zhang) өз сөзінде APQN халықаралық тәжірибесінің аясындағы жоғары оқу орындарында сапаны қамтамасыз етудің ішкі және сыртқы рәсімдерін іске асыруда білім алушылардың өзекті рөлін атап өтті. Юннань университетінің магистранты Жиджие Сиан АЕО қолданатын сапамен қамсыздандырудың сыртқы процедураларына білімгерлердің қатысуын талдау және сипаттау нәтижелерімен таныстырды. KazMSA Президенті Гапсамет Абдулвахабов жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету тетіктері мен құралдарына өз көзқарасымен бөлісті.
Вебинарға Қазақстанның медициналық университеттері мен ғылыми орталықтарының студенттік ұйымдарының 35 көшбасшысы қатысты. Онлайн іс-шараның басты қорытындысы қатысушылардың табысты оқу арқылы ЖОО сапасын ішкі қамтамасыз етудегі студенттердің рөлін нақты түсінуі, консультативтік-кеңесші органдардағы өкілдігі, білім беру бағдарламаларын бағалау, оқытушылармен тұрақты кері байланыс және оқу сапасына тәуелсіз студенттік талдау жүргізу, білім алушылардың аудиториядан тыс жұмысын ұйымдастыру және т. б. болды.
Вебинардың қорытындысында АЕО бас директоры Сәуле Сәрсенбаева сараптамалық комиссиялар мен Аккредиттеу Кеңесінің жұмысына қатысу арқылы білім сапасын сыртқы қамтамасыз ету рәсімдерінде студенттердің рөлін атап өтті.
АЕО вебсайтында сапамен қамсыздандыру процедуралары туралы ақпараттық және нұсқаулық материалдардан тұратын студенттер бөлімі бар.