АЕО және Еуропадағы медициналық мектептер қауымдастығы (AMSE) арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум

Rate this item
(0 votes)

2019 жылғы 2 қазанда Білім беруді, денсаулық сақтауды сапамен қамсыздандыру және аккредиттеудің Еуразиялық орталығы Еуропадағы медициналық мектептер қауымдастығымен (The Association of Medical Schools in Europe – AMSE) өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды. АЕО атынан Бас директор Сәуле Сәрсенбаева және AMSE атынан Президенті Peter Dieter Меморандумға қол қойды.

Еуропа медициналық мектептерінің қауымдастығы 1979 жылы Еуропа медициналық декандарының Ассоциациясы ретінде құрылған. Еуропа, Ұлыбритания және ТМД елдеріндегі 71 медициналық мектебі (жоғары оқу орындары) қауымдастықтың мүшелері болып табылады.

AMSE медициналық мектептер-қауымдастық мүшелері арасындағы ынтымақтастықты ынталандыруға ұмтылады, сондай-ақ білім беру, зерттеу және денсаулық сақтау саласындағы басқа да кәсіби, үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдармен қарым-қатынас жасайды және қолдайды. http://www.amse-med.eu/about-amse/.

AMSE Еуропадағы медициналық білім беру қауымдастығымен (An International Association For Medical Education - AMEE) бірлесіп білім беру, зерттеу және басқару саласында тәжірибе алмасу мақсатында медициналық факультеттерге (университеттерге) арналған пікірталас алаңдарын құрады. 2004 жылдан бастап 2013 жылға дейін AMSE президенті профессор Дэвид Гордон (David Gordon) болды, Ол қазіргі уақытта Дүниежүзілік медициналық білім беру федерациясының (WFME) президенті. 2014 жылдан бастап AMSE президенті профессор Питер Дитер (Peter Dieter).

http://www.amse-med.eu/2019/10/17/ecaqa-and-amse-sign-a-memorandum-of-understanding-mou
Template Settings

Color

For each color, the params below will give default values
Blue Red Cyan Green Orange

Body

Background Color
Text Color

Background

Patterns for Layour Style: Boxed
Layout Style
Select menu