Білім беруді, денсаулық сақтауды сапамен қамсыздандыру және аккредиттеудің Еуразиялық орталығы (АЕО) аккредиттеу рәсімінен өту үшін білім беру ұйымдарына қойылатын

ТАЛАПТАР

Институционалдық аккредиттеу рәсімінен өту үшін өтінім берген кезде өтініш беруші ұйым келесі талаптарға сәйкес келуге тиіс:

  • Білім деңгейіне сәйкес білім беру қызметін жүргізуге құқық беретін мемлекеттік лицензияның болуы (техникалық және кәсіптік, орта арнайы, базалық және/немесе дипломнан кейінгі білім).
  • Қосымша және бейресми білім беруді жүзеге асыратын ұйымдарға қатысты ерекшелігі, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманың және ұйым туралы Жарғының/Ереженің болуы талап етіледі.
  • Толық ақпарат сілтеме бойынша http://www.ecaqa.org/akkreditatsiya-organizatsij-do-npr;
  • Білім беру ұйымының дайындық деңгейіне сәйкес білім алушылар контингентінің болуы (техникалық және кәсіптік, орта арнаулы білім беру студенттері, бакалаврлар, интерндер, магистранттар, PhD докторанттары, резиденттер, тыңдаушылар/курсанттар);
  • Қызметтің негізгі бағыттары бойынша миссиясын, стратегиялық мақсаттарын, жоспарларын және жұмыс нәтижелерін, білім беру қызметтерінің тізбесін, жетістіктерін үнемі жаңартылып отыратын ақпаратты орналастыра отырып, білім беру ұйымы веб-сайтының мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде болуы. Қосымша және бейресми білім беру ұйымдары үшін әлеуметтік желілерде ақпараттық білім беру контенті бар бизнес-беттер болуы мүмкін.

Мамандандырылған аккредиттеу рәсімінен өту үшін өтінім берген кезде өтініш беруші ұйым келесі талаптарға сәйкес келуге тиіс:

  • Аккредиттеуге ұсынылған білім беру бағдарламасы бойынша және жалпы ұйымның білім беру қызметін жүргізуге құқық беретін мемлекеттік лицензияның және оған қосымшалардың болуы (білім беру бағдарламаларының тізілімінде бағдарламаны тіркеу https://enic-kazakhstan.edu.kz/ru/post/88).
  • Қосымша және бейресми білім беруді жүзеге асыратын ұйымдарға қатысты ерекшелік, ұйымды Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу туралы анықтама және ұйым туралы Жарғының/Ереженің, сондай-ақ қосымша білім беру бағдарламаларының тізбесі және/немесе циклдардың, бейресми білім беру бойынша іс-шаралардың тізімі талап етіледі;
  • Аккредиттеуге өтініш берілген білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылар мен түлектердің болуы.
  • Білім беру бағдарламасын бастапқы аккредиттеуді жүргізу кезінде білім алушылар контингентінің болуы қажет, бұл ретте студенттерді бітірмеу мүмкін;
  • Білім беру ұйымы веб-сайтының мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде болуы және онда аккредиттеуге ұсынылған білім беру бағдарламасы туралы ақпараттың көрсетілуі.
  • Қосымша және бейресми білім беру ұйымдары үшін әлеуметтік желілерде ақпараттық білім беру контенті бар бизнес-беттер болуы мүмкін. Сайтта және/немесе әлеуметтік желілерде бағдарламалар мен басқа да іс-шаралардың күнтізбелік-тақырыптық жоспары ұсынылуы тиіс.

Ескертпе: институционалдық немесе мамандандырылған (бағдарламалық аккредиттеуді) жүргізуге өтініш ұсынылатын нысан бойынша беріледі, оны одан әрі сілтеме бойынша жүктеуге болады http://ecaqa.org/akkreditatsiya/zayavka-na-provedenie-akkreditatsii-organizatsii-obrazovaniya.

  • Өтінішті қарау мерзімі 3 күнге дейін.
  • Өтінішке жауап ретінде білім беру ұйымына коммерциялық ұсыныс жіберіледі.
Template Settings

Color

For each color, the params below will give default values
Blue Red Cyan Green Orange

Body

Background Color
Text Color

Background

Patterns for Layour Style: Boxed
Layout Style
Select menu