№2 Ұлттық тізілім
-
Опубликовано: 15 Май 2017
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ АККРЕДИТТЕЛГЕН БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ТІЗІЛІМІН (№2 ТІЗІЛІМІ) ЖӘНЕ АККРЕДИТТЕЛГЕН БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ (№3 ТІЗІЛІМІ) ТІЗІЛІМІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ РӘСІМІ.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылдың 1 қарашасында шығарған №629 «Аккредиттелген органдарды мойындау, соның ішінде шетелдік және мойындалған аккредиттеуші органдарының, аккредиттелген білім беру ұйымдарының және аккредиттелген білім беру бағдарламаларының тізілімін қалыптастыру туралы» бұйрығына сәйкес келесідегідей талаптар анықталған:
- Аккредиттеуші орган білім беру ұйымын аккредиттеу бойынша шешім қабылдаған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде уәкілетті органға аккредиттелген білім беру ұйымын берілген Ереженің 3-ші қосымшасына сәйкес №2 тізілімге енгізу үшін ақпараттарды (аккредиттеу туралы куәлік) береді және аккредиттеуші органның ғаламтор-ресурсына оны орналастырады. Уәкілетті орган* үш жұмыс күні ішінде аккредиттелген білім беру ұйымдарын №2 Тізілімге кіргізеді.
- Аккредиттеуші орган білім беру бағдарламаларын аккредиттеу бойынша шешім қабылдаған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде уәкілетті органға аккредиттелген білім беру ұйымын берілген Ереженің 4-ші қосымшасына сәйкес №3 тізілімге енгізу үшін ақпараттарды (аккредиттеу туралы куәлік) береді және аккредиттеуші органның ғаламтор-ресурсына оны орналастырады. Уәкілетті орган үш жұмыс күні ішінде аккредиттелген білім беру бағдарламаларын №3 Тізілімге кіргізеді.
- Жылсайын аккредиттеуші органдар жылдың 1-ші шілдесіне дейін келесі есебіне дейін уәкілетті органға берілген Ереженің №5 қосымшасына сәйкес откен кезең бойынша білім беру ұйымдарына аккредиттеуді және білім беру бағдарламаларына аккредиттеуді өткізу туралы ақпараттар береді.
- Аккредиттеуді өткізу нәтижелері бойынша аккредиттеуші орган білім беру ұйымдарының қызметтерінен анықталған жүйелік кемшіліктерді (бар болған жағдайда) жою бойынша ұсыныстардың көшірмесін уәкілетті органға бағыттайды. Уәкілетті орган * - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі.