Семинар Денсаулық сақтау саласындағы қосымша және бейресми білім беру ұйымдарын, сондай-ақ оқу - симуляциялық орталықтарды аккредиттеу бойынша сарапшылардың құзыреттерін арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Оқыту бағдарламасында қосымша және бейресми білім беру сапасын қамтамасыз етудегі Қазақстанның тәжірибесі, қосымша және бейресми білім берудегі Ұлттық заңнамалық және нормативтік-құқықтық база, қосымша және бейресми білім беру ұйымдары үшін әдіснамалық және ресурстық негіз сияқты тақырыптар қамтылған.
Негізгі талқылау ДМБФ және ДДҰ халықаралық бастамаларына және ДМБФ үздіксіз кәсіби даму сапасын жақсартудың жаһандық (халықаралық) стандарттарының 2024 жылы жаңартылған нұсқасы негізінде АЕО әзірлеген қосымша және бейресми білім беру ұйымдарын институционалдық аккредиттеу стандарттарына арналды.
Семинардың гибридті форматы С. Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қазросмедуниверситет, ҚДСЖМ ҚМУ, АМУ, Марат Оспанов атындағы БҚМУ, UMC корпоративтік қоры, Алматы және Астана қалаларындағы ғылыми орталықтар мен ҒЗИ, Қазақстанның түрлі қалаларынан келген ҮКД ұйымдарының 62 оқытушылары мен қызметкерлеріне қатысуға мүмкіндік берді. Семинар АЕО білім беру сапасын сырттай бағалауды жүргізу бойынша сарапшыларды оқыту және сарапшылардың құзыреттерін дамыту бағдарламасына сәйкес өткізілді.