Материалы
-
Опубликовано: 23 июня 2025

2023 жылғы 11 қазандағы Тіркеу комитетінің шешімімен Білім беруді, денсаулық сақтауды сапамен қамсыздандыру және Аккредиттеудің Еуразиялық Орталығы (АЕО) Жоғары білім беру сапасын қамтамасыз етудің Еуропалық тізіліміне – The European Quality Assurance Register for Higher Education (EQAR) – енгізілді. Тіркеу кезеңі: 23.06.2023 ж. – 30.06.2027 ж.
EQAR Тіркеу комитетінің төрағасы Стефан Ловиктің (Stéphane Lauwick) хаты
АЕО туралы ақпарат EQAR ресми сайтында орналастырылған:
https://www.eqar.eu/register/agencies/agency/?id=76
АЕО аккредиттеген жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары мен білім беру бағдарламалары туралы мәліметтер, сондай-ақ сыртқы сараптау комиссияларының есептері EQAR-дың сыртқы сапа бағалау нәтижелерінің дерекқорында – The Database of External Quality Assurance Results (DEQAR) – орналастырылады.
EQAR-да есептердің жариялануы АЕО-ның көрнекілігі және сенімділігін арттыруға, сондай-ақ DEQAR дерекқорына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл, өз кезегінде, аккредиттелген білім беру ұйымдары мен бағдарламаларының Еуропалық жоғары білім кеңістігінде (EHEA) танылуына ықпал етеді және 2015 жылғы Сапаны қамтамасыз етуге арналған стандарттар мен нұсқаулықтарға (ESG) сәйкестігін растайды.
DEQAR дерекқоры жоғары білім беру ұйымдары мен олардың бағдарламаларына қатысты сыртқы бағалау нәтижелері туралы ақпаратты қамтиды. Бұл ақпарат мүдделі тараптарға – әлеуетті және қазіргі студенттерге, оқытушылар мен зерттеушілерге, білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне, жұмыс берушілерге және басқаларға – аккредиттелген білім беру бағдарламалары туралы мәліметтерді жылдам әрі оңай табуға мүмкіндік береді.
DEQAR деректері жоғары оқу орындары тарапынан Europass және Еуропалық Блокчейн Қызметтері Инфрақұрылымы (EBSI) сияқты Еуропалық комиссияның инфрақұрылымдары арқылы цифрлық құжаттар алу үшін пайдаланылуы мүмкін.
EQAR-да есептердің жариялануы АЕО-ның Еуропалық жоғары білім кеңістігінің (EHEA) қағидалары мен стандарттарына адалдығын, қабылданған шешімдердің танылуын қамтамасыз ететінін және Еуропалық жоғары білім кеңістігін дамыту процесіне қатысатынын растайды.






