Білім беруді, денсаулық сақтауды сапасын қамсыздандыру және Аккредиттеудің Еуразиялық Орталығы

2020 жылдың 23 маусымында «Білім беруді, денсаулық сақтауды сапасын қамсыздандыру және Аккредиттеудің Еуразиялық Орталығы» (ECAQA) жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету агенттіктері Халықаралық желісінің дүниежүзілік вебинарына қатысты (INQAAHE). INQAAHE вебинарлар сериясы «Онлайн форматта сараптамалық бағалау: тәжірибелік ұсыныстар мен шешімдер» атты ортақ атаумен өтеді.

Бірінші онлайн кездесуде қашықтықтан оқыту сапасын қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар талқыланды, сондай-ақ сарапшылар осы саладағы білім мен озық тәжірибемен алмасты. Қашықтықтан оқыту сапасын қамтамасыз ету, қолдау және соның ішінде пандемия жағдайында оқуды жалғастыру үшін нақты шешімдер ұсынылды.

Вебинардың модераторы Білім және дағдылар департаментінің жоғары білім сапасы бойынша кеңесшісі Орла Линч ханым болды, Дублин, Ирландия.

Баяндамашылар ретінде онлайн кездесуде сөз сөйледі:
  • Доктор Лия Мэтьюз, қашықтықтан білім беруді аккредиттеу бойынша Комиссияның атқарушы директоры, Вашингтон, Колумбия округі (INQAAHE Директорлар кеңесінің вице-президенті);
  • Гонсало Томарелли Рубио мырза, IPLACEX Техникалық институтының Ректоры, Сантьяго, Чили;
  • Доктор Доун Гилмор, RMIT Университетінің және оқу бөлімінің меңгерушісі, Мельбурн, Австралия.
Template Settings

Color

For each color, the params below will give default values
Blue Red Cyan Green Orange

Body

Background Color
Text Color

Background

Patterns for Layour Style: Boxed
Layout Style
Select menu