Print this page

«ҰЙЫМДЫ БАСҚАРУ. ТҰРАҚТЫ ТАБЫСҚА ҚОЛ ЖЕТКІЗУ»

Rate this item
(0 votes)
IMG-20201013-WA0003.jpg

2020 жылғы 6 қазанда «ҰЙЫМДЫ БАСҚАРУ. ТҰРАҚТЫ ТАБЫСҚА ҚОЛ ЖЕТКІЗУ» халықаралық форум аясында «Аккредиттеу агенттігімен диалог» дөңгелек үстелі өтті, оған Білім беруді, денсаулық сақтауды аккредиттеудің Еуразиялық орталығының бас директоры Сәуле Сәрсенбаева қатысты. Тақырыбы: «Денсаулық сақтау саласындағы бағдарламаларды аккредиттеуді жүргізу ерекшеліктері». Сәуле Сәрсенбаева Қазақстан Республикасындағы жоғары білім сапасын бақылау және бағалау жүйесі, медициналық білім беруді аккредиттеудің ерекшеліктері, Қазақстандағы медициналық білім берудің ағымдағы реформасы туралы егжей-тегжейлі айтып берді, сондай-ақ АЕО-ғы туралы, аккредиттеудің бәсекелестік артықшылықтары мен құралдары, дамудың стратегиялық бағыттары туралы мәлімет берді.

Дөңгелек үстел бағдарламасында Молдова (Стелла Гувир, ANACEC), Германия (Виктория Тишански, FIBAA), Филиппин (Мирна Маллари, AACCUP), Ұлыбритания (Мэтью Китчинг, EUA) білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша аккредиттеу органдары мен ұйымдарының тәжірибесі талқыланды.

Санкт-Петербург мемлекеттік экономикалық университетінің және Erasmus + Programme of the European Union https://rusregister.ru/activity/forum-upravlenie-organizatsiej/ қолдауымен «Русский Регистр» сертификаттау бойынша Қауымдастығы форумды ұйымдастырды.

Форумда әлемдегі жоғары білімнің тұрақты дамуы, мамандарды даярлау сапасының мәселелері талқыланды.