Print this page

Базалық және дипломнан кейінгі медициналық және фармацевтикалық білімді аккредиттеу бойынша сарапшыларды кәсіби даярлау

Rate this item
(0 votes)
cc9273ba6bbddc3d37ecb8ef3bde263a.jpg

2020 жылдың 9 маусымынан 3 шілдесіне дейін 54 академиялық сағат көлемінде сертификат берумен, Білім беруді, денсаулық сақтауды сапасын қамсыздандыру және Аккредиттеудің Еуразиялық Орталығы (ECAQA) «Базалық және дипломнан кейінгі медициналық және фармацевтикалық білімді аккредиттеу бойынша сарапшыларды кәсіби даярлау» тақырыбында медициналық және фармацевтикалық білімді аккредиттеу бойынша сарапшылардың біліктілігін арттырудың он-лайн циклін өткізді.

Оқуға Қазақстан Республикасының медициналық жоғары оқу орындарының, ғылыми орталықтары мен институттарының қызметкерлері – 23 адам қатысты. Он-лайн сессиялардың барлық бейнежазбалары ECAQA ютуб арнасында орналастырылған, оған қатысушылар қол жеткізе алады.