Print this page

АЕО және «Білім беру бағдарламаларын және ұйымдарын аккредиттеу бойынша агенттік» мекемесі (Қырғыз Республикасы, Бішкек) арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.

Rate this item
(0 votes)

2019 жылдың қараша айында Білім беруді, денсаулық сақтауды сапамен қамсыздандыру және аккредиттеудің Еуразиялық орталығы (АЕО), Қырғыз Республикасы "Білім беру бағдарламалары мен ұйымдарын аккредиттеу бойынша агенттік" (ААОПО) мекемесімен өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды. АЕО атынан Бас директор Сәуле Сәрсенбаева және ААОПО атынан директор Бақтыбек Ысқақұлы Исмаилов Меморандумға қол қойды.

ААОПО 2014 жылы құрылды. Агенттік қызметінің мақсаты білім беру ұйымдарын институционалдық және бағдарламалық аккредиттеуді жүргізу, білім беру бағдарламалары мен кәсіптік білім беру ұйымдарын аккредиттеу әдіснамасын, технологияларын, стандарттары мен өлшемдерін әзірлеу болып табылады. Аккредиттеу білім беру бағдарламаларының сапасын және оқу орындарының тиімділігін арттыруға бағытталған. http://www.aaopo.kg/.